Негізгі мазмұнға өту

Qazaq Til Score

QTS шкаласы

QTS — қазақ тілін меңгеру деңгейін өлшейтін Qadam-ның өз шкаласы. IELTS сияқты 0-ден 9-ға дейінгі бэнд, қадамы 0.5. Тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым жеке бағаланады, жалпы QTS — төртеуінің ортасы.

Тыңдалым

Аудио мәтіндер, деталь мен негізгі ой

Оқылым

Мәтінді түсіну, сөздік қор, грамматика

Жазылым

Тапсырма, құрылым, сөздік, грамматика

Айтылым

Еркіндік, сөздік, грамматика, айтылым

Дөңгелектеу ережесі IELTS-тегідей: орташа 5.25 → 5.5, 5.75 → 6.0. Әр жаттығудан кейін ЖИ дағды бағаңды жаңартады, плейсмент пен толық емтихан бағаны тікелей белгілейді.

QTS, CEFR және ҚАЗТЕСТ сәйкестігі

QTS деңгейіQTS бэндCEFRҚАЗТЕСТ
Әліппе0.0–1.5pre-A1A1-ге дейінгі деңгей
Бастау2.0–3.0A1A1 — қарапайым
Қадам3.5–4.5A2A2 — базалық
Өрлеу5.0–5.5B1B1 — орта
Сөзшең6.0–6.5B2B2 — ортадан жоғары
Шешен7.0–8.0C1C1 — жоғары
Би8.5–9.0C2C1-ден жоғары (ҚАЗТЕСТ шкаласының шегінен тыс)

ҚАЗТЕСТ — қазақ тілін білу деңгейін бағалаудың мемлекеттік жүйесі (A1 қарапайым, A2 базалық, B1 орта, B2 ортадан жоғары, C1 жоғары). QTS — Qadam-ның ішкі шкаласы: сәйкестік шамамен берілген, ресми сертификат емес, бірақ ҚАЗТЕСТ-ке дайындықта бағдар болады.

Әліппе

≈ CEFR A0

QTS 0.0–1.5 · Алғашқы әріптер мен дыбыстар

    Мен не істей аламын

  • Қазақ әліпбиінің 42 әрпін танимын
  • Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, Һ, І дыбыстарын ажыратамын
  • Сәлемдесіп, атымды айта аламын

Бастау

≈ CEFR A1

QTS 2.0–3.0 · Күнделікті қарапайым сөйлемдер

    Мен не істей аламын

  • Өзім, отбасым туралы 3–4 сөйлеммен айтамын
  • Сандарды, түстерді, күн аттарын білемін
  • Дүкенде қарапайым нәрсе сұрай аламын

Қадам

≈ CEFR A2

QTS 3.5–4.5 · Таныс тақырыптарда еркін қадам

    Мен не істей аламын

  • Септік жалғауларын дұрыс қолданамын
  • Қала, тағам, жұмыс туралы шағын диалог құрамын
  • Қысқа хабарлама, хат жаза аламын

Өрлеу

≈ CEFR B1

QTS 5.0–5.5 · Ойымды байланыстырып жеткіземін

    Мен не істей аламын

  • Жаңалықтың негізгі ойын түсінемін
  • Өз пікірімді дәлелдермен айтамын
  • Барлық етістік шақтарын қолданамын

Сөзшең

≈ CEFR B2

QTS 6.0–6.5 · Кез келген тақырыпта сөйлесемін

    Мен не істей аламын

  • Жұмыс жиналысында еркін сөйлесемін
  • Эссе мен ресми хат жазамын
  • Көркем әдебиетті сөздіксіз оқимын

Шешен

≈ CEFR C1

QTS 7.0–8.0 · Мақал-мәтелмен әрленген бай тіл

    Мен не істей аламын

  • Мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді орынды қолданамын
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеймін
  • Абайдың қара сөздерін талдай аламын

Би

≈ CEFR C2

QTS 8.5–9.0 · Тіл шебері, сөз төресі

    Мен не істей аламын

  • Ана тілі деңгейінде еркін ойлаймын
  • Стильдер арасында ауыса аламын
  • Шешендік сөздерді, жырларды талдаймын

Деңгей карточкасы

Атың, деңгейің және QTS балың жазылған PNG сурет. Instagram, Telegram, WhatsApp-та бөліс — достарыңды да шақыр!

Өз карточкамды алу
Кіргеннен кейін мұнда сенің карточкаң пайда болады