Негізгі мазмұнға өту

Құпиялылық саясаты

Қандай деректер жиналады

Аккаунт деректері (аты, email), оқу нәтижелері (жауаптар, бағалар, QTS тарихы), жазылым мәтіндері, айтылым транскрипттері, баптаулар.

Дауыс жазбалары

Микрофон тек сіздің келісіміңізбен қосылады. Аудио бағалау үшін Google Gemini API-ге жіберіледі және біздің серверде сақталмайды. Сақталатыны — транскрипт пен баға. Емтиханда ЖИ қатесі болса, қайта бағалау үшін аудио уақытша (бағаланғанша) сақталады.

Мәтіндер мен ЖИ

Жазылым мәтіндері, чат хабарламалары және сөздік сұраныстары бағалау мен түсіндіру үшін Google Gemini-ге жіберіледі. Бірдей сұраныстар кэштеледі. ЖИ-ге жіберілетін деректерге email немесе құпиясөз кірмейді.

Мұғалім режимі

Сыныпқа кодпен қосылсаңыз, мұғалім сіздің атыңызды, email-ді, QTS-ті, стрикті, апталық XP-ні және әлсіз тұстар тақырыбын көреді. Сыныптан кез келген уақытта шығуға болады.

Сақтау және өшіру

Профильде прогресті толық өшіруге болады. Аккаунтты жою үшін әкімшіге хабарласыңыз.

Cookie

Тек жүйеге кіру, тіл, тақырып және әліпби таңдауы үшін қажетті cookie қолданылады. Жарнамалық трекерлер жоқ.